Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар

 

Мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына сәйкес өткізіледі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 наурызда № 14939 болып тіркелді.

 

            D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Басқармада аталған мамандық төменгі категорияда болғандықтан жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметкердің лауазымдық еңбек ақысы:

Санаты Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты
  Min max

D-O-4

83 352 112 375 

«Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ,  Алматы қаласы, Қонаев к-сі, 122, анықтама үшін факс/телефондар: 261-67-78, 261-67-33, e-mail: depart_zan@mail.ru. «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау бөлімінің бас маманы, уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты 2020 жылдың 18 қазанына дейін, D-О-4 санаты, 1 бірлік:

Негізгі функционалдық міндеттер: Ұйымдастырушылық бақылауды қамтамасыз ету.  Басқармамен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тоқсандық, жылдық жоспарын құрады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету. «Азаматтарға арналған Үкімет»  арқылы мемлекеттік корпорация арқылы келіп түскен сұранымдарды өңдеуді бақылайды. «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы электрондық түрде 30 пайызға мемлекеттік қызмет үлесін ұлғайтуды бақылайды. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалық мониторингі бойынша есептік мағлұматтарды уақытылы және сапалы өткізуді бақылайды. Құжаттарды қабылдау және беруге электрондық кезектің еншізілуін бақылайды. Мемлекеттік қызмет  көрсету орындарында бизнес-процестердің қадамдық алгоритімін сипаттайтын кітапшалар (жадынама) орналастыруды басқарады. Қызметкерлермен құзыреттілік деңгей мәнін анықтауға және кәсіби әдептілік пен коммуникатифтік дағдыларын кейінгі оқытуларына ішкі тестілеу жүргізуді (әңгімелесу, сұхбаттасу) бақылайды. Мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызмет көрсету сапасы көрсеткішінің жоғары деңгейіне қанағаттанған жағдайда қызметкерлерді көтермелеу мүмкіндігі сұрағын қарастыруды бақылау. Күту залдарында қолайлы жағдай жасауды бақылайды (тегін әжетхана, су, үстел, тіреулер, отыруға арналған жеткілікті орындар және т.б.). Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жағдайды қамтамасыз етуді бақылайды (подъезд, пандус, көтергіштер). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарында шағым беру тәртібін жеңілдетуге,  қарапайым әрі жылдам кері байланыс әдісін алуды қамтамасыз етуді (шағымдармен ұсыныстарға арналған жәшіктер) бақылайды. Бірыңғай байланыс орталық операторларына көрсетілетін қызмет бойынша өзекті мағлұматтарды жібереді, сонымен қатар, қызметтер бойынша кеңес беру мүмкіндігі үшін, ББО-1414 телефон номерін ресми сайтта көрсетілуін бақылайды. Ресми сайтта қызметтің көрсетілу реті, қызмет алушылаардың міндеттері мен құқығы, өзекті мемлекетік қызмет стандарттары мен регламенті, қызмет куәлігі, қажетті құжат пакеті check-list пен қызмет берушілердің байланыс деректері туралы мағлұматтардың жариялануын бақылайды. Мемлекеттік қызметті алу кезінде толтыруға қажетті құжаттарды алдын-ала word түрінде ресми сайттан көшіріп алу үшін орналастырылуын бақылайды (арыз, өтініш, сауалнама).  Ресми сайтта жиі қойылатын сұрақ-жауап үлгілерін орналастырылуын бақылайды (робот-жауаптар, live-chat, онлайн кеңес беру).  Басқарманың мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің қызметін ҚР Заңнамасына сәйкес тексеруді іске асырады. Бөлім құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша нормативтік құқықтық актілерді, құжат жобаларын әзірлеуді жетілдіру бойынша ұсыныс енгізеді. Басқарманың басқару органы болып табылатын мемлекеттік мекемелермен, кәсіпорындарына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету. Жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарастыру. Басқарма басшылығы жүктеген басқа да өкілеттіктерді орындайды.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару), құқық (құқықтану, халықаралық құқық), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) саласындағы жоғары білім.

 

  1. Әуезов аудандық бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, 1 бірлік, № 19-1-1.

Негізгі функционалдық міндеттер: Тұрғын үй көмегін (бұдан ары – көмек), жарты жылда бір рет төленетін 7 АЕК мөлшеріндегі әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжаттарды қабылдап, тіркейді және есепке алады. Көмектерді уақытылы және дұрыс тағайындалуын бақылайды. Жарты жылда бір рет төленетін 7 АЕК мөлшеріндегі әлеуметтік көмекті алу үшін, өтінім берушілердің құқығы туралы сұрақтарды шешу үшін, өтінім берушілердің материалдық – тұрмыс жағдайын тексеру актілерін құрады. Көшіп кеткен және қайтыс болған көмек алушыларды есептен шығарады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін Стандарттар мен регламенттерге сәйкес, мемлекеттік қызметтерді көрсетеді. Тағайындалған және есептен шығарылған көмек алушылар бойынша дерекқор жүргізеді. Тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға көрсетілген көмек бойынша мәліметті жинақтап, анализ жасайды, көмек алушы азаматтардың дерекқорын жасайды. Көмекті тағайындап, төлеу бойынша статистикалық есеп құрады. Әлеуметтік көмектің барлық түрлері бойынша ведомстволық жинақтық есептер мен актілерді жасайды. Көмек алу фактілерін растау туралы ТМД елдерінен келіп түскен сұраныстарды орындайды. Алатын жәрдемақы мөлшері туралы анықтамаларды береді. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге және ақталған азаматтарға біржолғы қаржылай өтемақы алу мақсатында, құжаттарды қабылдайды. Көмек алушылардың құжаттарын түгендейді. Мөлшері 5,5 АЕК, 7,5 АЕК, 100 АЕК мөлшеріндегі әлеуметтік көмегін тағайындау үшін құжаттарды қабылдап, тіркейді және есепке алады. Мөлшері 5,5 АЕК, 7,5 АЕК, 100 АЕК мөлшеріндегі әлеуметтік көмегін алу мақсатында, өтінім берушілердің құқығы туралы сұрақтарды шешу үшін, өтінім берушілердің материалдық – тұрмыс жағдайын тексеру актілерін құрады. Тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға суық және ыстық сумен жабдықтаудың есептеуіш құралдарын орнату мақсатында, тізімдерді құрып, құжаттарды қабылдайды.  Жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарастырады. Басқарма басшылығы жүктеген басқа да өкілеттіктерді орындайды.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, психология, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика), білім (құқық және экономика негіздері, педагогика және психология, кәсіптік оқыту), құқық (құқықтану, халықаралық құқық), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік-мәдени қызмет) саласындағы жоғары білім.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған “Б” корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

“Болашақ” халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

“Болашақ” халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға “Халықааралық бағдарламалар орталығы” Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің “Болашақ” халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген “Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген “Наркологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жеті жұмыс күннің ішінде мына мекенжайға тапсырылуы тиіс: Алматы қаласы, Қонаев  көшесі , 122.

Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы тілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не “Е-gov” электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде Басқарманың  электрондық почтасы не “Е-gov” электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күнінің ішінде оны Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында өтеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

 

Қатысушылары мен кандидаттары “Б” корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған жадынама

Конкурс қатысушылары мен кандидаттарықұқылы:

– Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсынбауға.

– Құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде немесе “Е-gov” электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не “Е-gov” электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынуға.

– Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен хабарландыруына.

– Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.

– Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.

– Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.

– Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде таныстырылуға.

– Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе  конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.

– Конкурстық іріктеуден өтпеген жағдайда 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қайтарылуына өтініш беруге;

– Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар,  конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдануға құқылы.

 

 

 

 

 

 

 

“Б” корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

 

__________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

 

Мені______________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына

қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

“Б” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________

Мекенжайы және байланыс телефоны_______________________________________________

________________________________________________________________________________

________                                          ____________________________________

(қолы)                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

“___”_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

“Б” корпусыныңмемлекеттік

әкімшіліклауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан

 

 

 «Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
ФОТО
(түрлітүсті/

ветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туғанкүніжәнежері/
Дата и место рождения
2. Ұлты (қалауыбойынша)/
Национальность (по желанию)
3. Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
4. Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы(болғанжағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
5. Шетелтілдерінбілуі/
Владение иностранными языками
6. Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары(болғанжағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
7. Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені(болғанжағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
8. Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі(болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
9. Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған/
приема
босатылған/
увольнения
 

_____________________
Кандидаттыңқолы/
Подпись кандидата

 

_______________
күні/дата

Құжаттарды қабылдау уақыты: 10.01.2018 жыл – 18.01.2018 жыл