«Белсенді ұзақ өмір» Жол картасын талқылау бойынша Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы

2018 жылдың 11 сәуір күні Алматы қаласы әкімшілігіндеАлматы қаласының әкімі Б.Байбектің қатысуымен Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен әзірденген«Белсенді ұзақ өмір» Жол картасын талқылау бойынша Алматы қалалық Қоғамдық кеңесініңкеңейтілген отырысы өтті.

Кіріспе сөзімен Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы Р. Алшанов сөйледі, Кеңейтілген отырыста Алматы қаласының әкімі Б.Байбек, Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  басшысы М. Отыншиев, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Е. Шайхутдинов, «Нұр Отан» партиясының АҚФ Төрағасының бірінші орынбасары Ж. Омарбекова сөз сөйледі. Сонымен қатар Отырыста Алматы қалалық Ардагерлер кеңесінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыс нәтижесінде Қоғамдық кеңесінің мүшелерімен Жол картасы бойынша ұсыныстар енгізілді.